КММ "Каменноброд ОМ"
Ресми интернет-ресурс

Флешмоб «Бірге оқимыз»

Previous Next

«Бірге оқимыз» 

Оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітапты насихаттау, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру және оқушыларды мектеп кітапханасының қорымен таныстыру мақсатында Каменноброд орта мектебінде «Бірге оқимыз» флешмобы өткізілді.
Флешмоб аясында оқушылар мен педагогтер кітап төңірегінде бас қосып, оқудың маңыздылығы мен құндылығын насихаттады. Қатысушылар өздерінің сүйікті шығармаларынан үзінділер оқып, оқыған кітаптары туралы әсерлерімен бөлісті. Іс-шара кітаптың адамдарды біріктіретін, білім мен рухани байлыққа жетелейтін құндылық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
 Іс-шараның мақсаттары: оқушылардың кітап оқуға және әдебиетке деген қызығушылығын арттыру; оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту; мектеп кітапханасының оқу мен өзін-өзі білім алудың орталығы ретіндегі мәртебесін нығайту. Кітап – білімнің қайнар көзі, ал кітапхана – сол білімге бастар жол. Кітап оқуды өмірлік серік етіп, рухани байлығымызды арттыра берейік!  
Записаться на прием